14-30 наурыз аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 14-30 наурыз аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады (ақылы оқуға түсу үшін):
- мектептің 11 (12) сынып оқушылары;
- мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің ағымдағы жылғы түлектері;
- ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер;
- шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматы болып табылмайтын, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.
Тестілеуге қатысатындар тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу