Қазақстан Республикасының аумағында коронавирусты инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 17 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе қатынасы қайта жанданып отыр.
Наурыз айынан бастап қазақстандық "Эйр Астана", "Fly Arystan" және "SCAT" әуекомпаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-Шейх қаласына туристік рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялар сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу