Наурыздан кейін қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Мейрамға орай ел тұрғындары 2025 жылдың ең ұзақ демалысына тап келуде.  

Наурыздан кейін қазақстандықтарды не күтіп тұр? Фото: lada.kz

Демалыстар осы аптада басталып, келесі аптаға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында қатарынан бес күн демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасы барлар 21, 22, 23 және 24 наурызда демалып, 25 наурыз, сейсенбі күні қайта жұмысқа шығады. 

Бір қызығы, келесі аптада бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін тек үш жұмыс күні (26, 27 және 28 наурыз) бар. Кейін тағы сенбі, жексенбілік демалыс күні келеді. Осылайша, бір аптада қазақстандықтар төрт күн демалып, тек үш күн жұмыс істейді.

Сәуірде демалыс күні аз болады

Сәуірде Қазақстанда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер, мейрамдар жоқ. Сондықтан:

Бес күндік жұмыс аптасы барлар – 8 күн демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар – 4 күн демалады.

Қазақстанда Наурыз қалай тойланады?

Елде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде тойланады. мысалы, қалалар мен ауылдарда концерттер, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер және театрландырылған қойылымдар өтеді.

Бұл күні мұқтаж жандарға көмек беру, көшет егу, зиярат ету және бір-біріне жақсылық тілеу де дәстүрге айналған.

Осылайша, 2025 жылы қазақстандықтар Наурыз мейрамын ұзақ демалыспен қарсы алады. Сәуір айында жұмыс күндері әдеттегінше жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу