Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен "Отандастар қоры" алыс-жақын шетелдегі қандастардың басын қосқан мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.
"Онлайн режимде өткен шараға әлемнің түкпір-түкпіріндегі АҚШ (Бостон, Чикаго), Иран, Германия, Швеция, Дания, Моңғолия, Түркия, Ресей мемлекетіндегі қазақтар белсенді қатысып, атамекеніне ыстық сағынышын жеткізді. Әлемнің әр бұрышында жүрсе де ата дәстүрді ұмытпаған қандастар ғаламтор арқылы бір-бірін құттықтап, барша қазақ халқына ыстық лебізін білдірді", – деп жазады қордың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, өткен аптадан бері елімізде коронавируске қарсы төтенше жағдай жариялануына байланысты мерекелік шараларға шектеу қойылған.