Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады, батыста кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы:
- солтүстік-батыста +17…+26°С,
- солтүстікте +13…+20°С,
- орталықта +12…+23°С,
- шығыста +5…+22°С,
- оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32°С,
- батыста +20…+25°С-тан +13…+20°С-қа дейін төмендейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу