Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні

2235

Бұл – көктемгі жаңару мерекесі. Табиғат өзгеріп, өмір қайта жанданады деп саналады. Жаңару күні ел өміріндегі және әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.    

Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні Фото: gov.kz

Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда.

Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні "өмірдің жаңаруын" бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады.

Қазақстан үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты.

Бүгін ел аумағында отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп, өркендеуге жетелейді.

Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.

Осы күн барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыруға үндейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу