Навальный: АҚШ Ресейге қарсы санкция салуы мүмкін

866

Ресейлік оппозиционер 3,5 жылға сотталған еді.

Навальный: АҚШ Ресейге қарсы санкция салуы мүмкін

Америкалық сенаторлар оппозиционер Алексей Навальныйдың ісі бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын Конгреске енгізді. 

Құжат Ресейдің биологиялық қаруды қолдану жөніндегі халықаралық норманы бұзғанын не бұзбағанын анықтауды ұсынады. Егер халықаралық заңнаманы бұзды деп танылса, бірқатар шенеунікке қарсы шектеу жарияланады. Заң жобасын демократ Бен Кардин, Крис Кунс, Крис Ван Холден, Дик Дурбин және республикашыл Митт Ромни мен Марко Рубио қолдады.

Еске сала кетсек, бұған дейін  ресейлік оппозиционер 3,5 жылға сотталған еді. Үкім шыққаннан кейін Навальныйдың штабы жақтастарын үкімге қарсылық білдіру үшін Манеж алаңына шыққан еді. Наразылық шарасына бірнеше мың адамның қатысқаны хабарланды.Петербургта 260 адам ұсталған. Ижевск, Омбы, Челябинск, Уфа, Киров, Чебоксар, Мытищи, Краснодар қалаларында да ереуілшілер қамауға алынды. ОВД-Инфо мәліметі бойынша, жалпы ұсталғандар саны 1460-тан асқан.

Еуропарламент пен АҚШ Ресей билігінен Навальныйды босатуды талап етіп отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу