Навальный ауруханадан шықты

625

Германия дәрігерлері улану салдары біразға дейін сақталуы мүмкін деген пікірде.

Навальный ауруханадан шықты Фото: rbc.ru

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Берлиндегі Шарите клиникасынан шығарылды. Саясаткер ол жерде 32 күн бойы ем қабылдады.

Аурухана сайтында жарияланған мәлімдемеде оппозиционер денсаулығының жақсарғаны,  сондықтан дәрігерлер стационарлық емдеуді тоқтатуды жөн санағаны жазылған. Мамандар Навальныйдың толықтай бұрынғы қалпына келетінін, бірақ уланудың салдары ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтып отыр. 
Қоғам белсендісі Шаритеде 32 күн емделген, оның 24 күнін интенсивті терапия бөлімінде өткізген.

Еске сала кетсек, 20 тамызда Навальный Томск қаласынан Мәскеуге аттанбақ болады. Бірақ жолда саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ жедел түрде Омск қаласына қонды. Ресей билігі 21 тамызда оған Германияда емделуге рұқсат берді. 

2 қыркүйекте Германия үкіметі неміс токсикологтары оппозиционердің ағзасынан "Новичок" деп аталатын улы заттың тапқанын жариялады. Кейін Франция мен Швеция мамандары да осындай тұжырым жасады. Алайда  ресейлік дәрігерлер бұны жоққа шығарды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу