Навальный: ЕО Ресейге санкция салу жағын қарастырады

705

Вашингтон да Мәскеуге қарсы шара қабылдауы мүмкін.

Навальный: ЕО Ресейге санкция салу жағын қарастырады

Ақпан айында Еуропалық Одақ Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкция енгізу мәселесін тағы да қарастырады. Бұл туралы Грекияның Сыртқы істер министрі Никос Дендиас мәлім етті. 

"Біз одаққа мүше мемлекеттердің басым бөлігінің ұстанымымен келісеміз. Яғни ЕО Ресейге бұл мәселені қайта қарауға мүмкіндік беруі керек. 30 күннен кейін мәселені қайтадан талқылаймыз", – деді Дендиас.

Бірақ Дендиаспен сұхбаттасқан Euronews журналисінің айтуынша, кей мемлекеттердің үндеуіне қарамастан, ЕО-ның Сыртқы істер министрлері ресейлік шенеуніктерге санкция енгізбеу туралы шешім қабылдаған көрінеді. 

17 қаңтарда Германиядан оралған Навальный Шереметьево әуежайында ұсталған еді. Химки қалалық соты оны 30 тәулікке қамау туралы шешім қабылдады. Навальныйға "шартты түрде сотталған ретінде сынақ мерзімін бірнеше рет бұзды" деген айып тағылды.

Құрама Штаттардың жаңа Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Навальныйға байланысты АҚШ Ресейге қарсы шара қабылдауы мүмкін екенін жариялады. Дегенмен Вашингтон алдымен бұл оқиғаның жай-жапсарын анықтағаннан кейін ғана шешім қабылдайтынын жеткізді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу