Навальный: Еуроодақ Ресейге қарсы санкция салды

623

Шектеулер күшіне енді.

Навальный: Еуроодақ Ресейге қарсы санкция салды

ЕО Навальный ісі бойынша Ресейдің 6 азаматы мен ондағы Ғылыми-зерттеу институтына санкция енгізді. Шектеу тізімінде РФ президентінің ішкі саясат жөніндегі басқармасының басшысы Андрей Ярин, РФ президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко мен Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников бар. 

"ЕО алты ресейлік шенеуніктің активтерін бұғаттап, олардың одақ аймағына кіруіне тыйым салады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Ескере кететін жайт, санкциялар 15 қазанда күшіне енеді.

20 тамызда Навальный Томск қаласынан Мәскеуге аттанбақ болады. Бірақ жолда саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ жедел түрде Омск қаласына қонды. Ресей билігі 21 тамызда оған Германияда емделуге рұқсат берді. 2 қыркүйекте Германия үкіметі неміс токсикологтары оппозиционердің ағзасынан "Новичок" деп аталатын улы заттың тапқанын жариялады. Кейін Франция мен Швеция мамандары да осындай тұжырым жасады. Алайда  ресейлік дәрігерлер бұны жоққа шығарған болатын.

Табиғат Нұрболат
Фото: moderndiplomacy.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу