Навальный: Ресейде оппозиционердің жақтастары митингке шықты

936

Қазір оппозиционердің жақтастарын жаншу процесі жүріп жатыр.  

Навальный: Ресейде оппозиционердің жақтастары митингке шықты

21 сәуірде ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары бүкіл ел бойынша наразылық акцияларын өткізіп жатыр. Олар қазір түрмеде жазасын өтеп жатқан саясаткерді босатуды  талап етуде. Абақтыға қамалған Навальныйдың денсаулығы нашарлап, наурыз айының соңында ол медициналық көмектің жоқтығына байланысты аштық жариялаған еді.

Наразылықтың өршуіне Мәскеу прокуратурасының Навальныйдың штабтары мен жемқорлыққа қарсы қорды экстремистік ұйымдар ретінде мойындау туралы талабы себеп болды.

Қазір оппозиционердің жақтастарын жаншу процесі жүріп жатыр.

"Север.Реалии" дерегі бойынша, Петрозаводскідегі екі тұрғын "ВКонтакте" желісінде наразылық акциясы туралы видео жариялағаны үшін бес күнге қамауға алынды. Осы қаладағы екі баласы бар әйелге сол видеоны репост жасағаны үшін 10 мың рубль көлемінде айыппұл салынды.Улан-Удэде кинорежиссер Артем Бурлов ұсталды.

Deutsche Welle дерегіне сүйенсек, Хабаровскіде Навальный штабының тілшісі Мария Нуйкина да тұтқындалды.

Vesma.today басылымының мәліметі бойынша, Магаданда кемінде сегіз адамды тәртіп сақшылары қамауға алған. Сол жердегі наразылық шеруін қауіпсіздік қызметкерлері таратып жіберген.

Ақпан айында Навальный шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзды деген айыппен 2,5 жылға түрмеге қамалған еді. Ол қаңтар айында Германиядан келген бойда қамауға алынды. Германияда оппозиционер химиялық затпен уланғаннан кейін оңалту курсынан өткен болатын.

ЕО мен АҚШ Ресей билігінен саясаткерді босатуды талап етіп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу