Навальныйдың денсаулығына қатысты болжам жарияланды

528

Оның қазіргі жағдайы тұрақты.

Навальныйдың денсаулығына қатысты болжам жарияланды

Cinema for Peace ұйымының негізін қалаушысы Як Бизиль ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың денсаулығына қатысты болжам жасады. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.Бизиль саясаткердің Омсктен Германияға ұшақпен жеткізілу жағын ұйымдастырған болатын.

Оның айтуынша, Навальный сауығып шығады, бірақ ол бірнеше ай еңбекке жарамсыз болады. 

Басылымның хабарлауынша, оппозиционерді улаған. Бірақ Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін бұл тұжырымды жоққа шығарған еді. Ведомство оның ағзасынан оксибутират, барбутират, стрихнин, синтетикалық удың табылмағанын, тек алкоголь мен кофеиннің анықталғанын мәлім еткен болатын. 
Еске сала кетейік, 20 тамызда Навальный Томск қаласының әуежайынан ұшаққа отырып, Мәскеуге аттанбақ болады. Бірақ кенеттен оның денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ жедел түрде Омск қаласына қонды. Ол екі күн бойы осы шаһардағы ауруханада жатты. Дәрігерлер оған нақты не болғанын анықтай алмаған соң, ол 22 тамызда Германиядағы "Шарите" клиникасына ұшақпен жеткізілді. Жергілікті дәрігерлер қоғам белсендісінің қазіргі жағдайы тұрақты деп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: lenta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу