Франция мен Швеция елдеріндегі тәуелсіз екі зертхана ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың анализдерінен "Новичок" деп аталатын удың бар екенін растады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
"Ресейден осы жағдайға қатысты түсініктеме беруін сұраймыз. Біз алдағы уақытта еуропалық серіктестерімен бірлесе осыған байланысты әрекет жасаймыз", – деді Германия үкіметінің өкілі Штеффен Зайберт.
Еске сала кетсек, 20 тамызда Навальный Томск қаласынан Мәскеуге аттанбақ болады. Бірақ жолда саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ жедел түрде Омск қаласына қонды. Ресей тарапы 21 тамызда оған Германияда емделуге рұқсат берді.
2 қыркүйекте Германия үкіметі неміс токсикологтары оппозиционердің ағзасынан "Новичок" деп аталатын улы заттың тапқанын жариялады. Бірақ ресейлік дәрігерлер әлі күнге дейін бұны жоққа шығарып отыр.
Табиғат Нұрболат