Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың "Путиннің сарайы" туралы түсірген фильмі 23 елдің Youtube желісіндегі трендтің алғашқы ондығында тұр. Бұл туралы "Дождь" телеарнасы мәлім етті.
Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Латвия, Кипр, Литва және Эстония елдерінде бұл видео бірінші орында. 21 қаңтарда оның қаралымы 38 миллионнан асып, комментарийлер саны миллионға жуықтап қалды.
Оппозиционердің бұл тергеуінде Ресей президенті Владимир Путиннің Геленджик маңындағы сарайы (ауданы – 17,7 мың шаршы метр) туралы айтылған. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл фильмді "бос сандырақ" деп атады.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу