Навальныйдың жүздеген жақтасы наразалық шарасы кезінде ұсталды

789

БҰҰ-дағы Адам құқықтары жөніндегі сарапшылар Мәскеуді Навальныйға шетелде тексерілуге рұқсат беруге үндеді.

Навальныйдың жүздеген жақтасы наразалық шарасы кезінде ұсталды Фото: reuters.com

21 сәуірде Ресейде оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары наразылық шарасын ұйымдастырып, оған қатысқан жүздеген ереуілшіні полиция тұтқындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, шара кезінде 459 адам ұсталған. Бірақ олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Мәскеудің орталығында ереуілшілер "Навальныйға бостандық беріңдер" және "оны дәрігерлерге қаратыңыздар" деп ұрандатқан. Навальныйдың әйелі Юлия да наразылық білдірушілердің қатарында болды.

Ақпан айында Навальный шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзды деген айыппен 2,5 жылға түрмеге қамалған еді. Ол қаңтар айында Германиядан келген бойда қамауға алынды. Германияда оппозиционер химиялық затпен уланғаннан кейін оңалту курсынан өткен болатын.

ЕО мен АҚШ Ресей билігінен саясаткерді босатуды талап етіп отыр.
БҰҰ-дағы Адам құқықтары жөніндегі сарапшылар Мәскеуді Навальныйға шетелде тексерілуге рұқсат беруге үндеді. Олар саясаткердің өміріне қауіп төніп отыр, ол азапталып жатқан болуы мүмкін деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу