Навальныйға қатысты жайт Ресей мен АҚШ қатынасына әсер етеді

882

Оппозиционер әлі де комада. 

Навальныйға қатысты жайт Ресей мен АҚШ қатынасына әсер етеді

АҚШ мемлекеті уланған деген күдікпен Омск ауруханасына жатқызылған ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты алаңдаушылығын білдіріп отыр. Құрама Штаттар президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О Брайен осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, егер де саясаткердің расымен қасақана уланғаны және бұл әрекетті "орыстар жасағаны" анықталса, АҚШ Ресейге қатысты саясатын жүргізу барысында осы жайтты міндетті түрде ескереді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп та Навальныйға қатысты жағдайды бақылап отырғанын бұған дейін жариялаған еді.
Еске сала кетейік, Омск қаласының ауруханасына жатқызылған  оппозиционер қазір әлі комада және ол жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Әзірге оған нақты не болғаны белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша,  инсульт, инфаркт, коронавирустық инфекция белгілері жоқ. 

Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш оны улады деп отыр. 
"Алексейдің шайына улы зат қосқан. Ол таңертеңнен бері содан басқа нәр татқан жоқ. Дәрігерлер ыстық шайдың ішіндегі токсин ағзаға тез сіңіп кеткен дейді", – деді Ярмыш.

Саясаткер Томск қаласының әуежайындағы "Венская кофейня" деп аталатын кофеханада шай ішкен. "Билік органдары қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазір кофехана жабық, жұмысын уақытша тоқтатты", – деді кофехана иесі.

21 тамызда саясаткердің денсаулығын тексеру үшін Германиядан мамандар арнайы ұшақпен ұшып келді. 

Табиғат Нұрболат
Фото: lenta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу