"Назар аударыңыз, металлургияның қарқыны мәз емес!": Үкімет басшысы министрді сын садағына алды

Үкіметте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев есеп берді.  

"Назар аударыңыз, металлургияның қарқыны мәз емес!": Үкімет басшысы министрді сын садағына алды Фото: Үкімет

Баяндаманы толық тыңдаған Премьер-министр Олжас Бектенов министрге металлургия саласында мәселе бар екенін ашық айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Министрлік жетекшілік ететін салаларда тұрақты өсім қарқынын қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Негізгі назар жаңа өндірістерді іске қосуға, локализация деңгейін арттыруға және өңірлерде инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталады, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Ведомство басшысының есебіне көңілі толмады ма, іле-шала Үкімет басшысы сөз алып, министрді сын садағына алды. 

– Металлургия саласына назар аударыңыз, қарқыны мәз емес, – деп қысқа қайырды Олжас Бектенов. 

Министр Ерсайын Нағаспаев бұл тапсырмаға "қабылданды" деп жауап берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу