Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

562

12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты Фото: qamshy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Абай облысындағы ауқымды өрт салдарынан орман шаруашылығының бірқатар жұмысшыларының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін. Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін", делінген хабарламада.

Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу