"Назарбаев әлі де академиктер тізімінде": Ұлттық ғылым академиясы Саясат Нұрбектің сөзін жоққа шығарды

193

Академияның сайтында Нұрсұлтан Назарбаев әлі күнге дейін академик ретінде көрсетілген. 

"Назарбаев әлі де академиктер тізімінде": Ұлттық ғылым академиясы Саясат Нұрбектің сөзін жоққа шығарды Фото: Inbusiness.kz

Ұлттық ғылым академиясы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің академиктер тізімі жаңартылды және Нұрсұлтан Назарбаев бұл тізімде жоқ деген сөзін жоққа шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық ғылым академиясы академик мәртебесі өмір бойына берілетінін және айрықша жағдайларда ғана күші жойылатынын айтты. Олардың хабарлауынша, Назарбаев әлі де академиктер тізімінде.

"Ұлттық ғылым академиясының академиктері жалпы жиналыста жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жарғыға және ондаған жылдар бойы қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, академик мәртебесі өмір бойына беріледі. Жарғыда нақты белгіленген ерекше жағдайларда, Ғылым академиясы мүшелерінің дауыс беруі негізінде ғана алынып тасталынуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу