Назарбаев: Додонның президент болып сайлануы Қазақстан мен Молдова қарым-қатынасын одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізеді

1002

Назарбаев: Додонның президент болып сайлануы Қазақстан мен Молдова қарым-қатынасын одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізеді

Нұрсұлтан Назарбаев Игорь Додонға Молдова Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы екі елдің дәстүрлі достығы мен өзара тиімді ынтымақтастығының тарихы тереңде жатқанын атап өтті.

"Сіздің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметіңіз Қазақстан мен Молдова қарым-қатынасын халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Игорь Додонға зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Молдова халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу