Назарбаев кеңсесінің бюджеті қысқарады

Елбасы мәртебесін алып тастауға байланысты алдағы айларда оның канцеляриясы шығындарына түзету енгізіледі. 

Назарбаев кеңсесінің бюджеті қысқарады Фото: politic.kz

"Елбасы туралы" заңның күші жойылғаннан кейін оның канцеляриясына бөлінген үш жылдық бюджет (5,6 млрд теңге) жайы қалай болмақ? 

Бұл сауалға Үкімет кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Заң, заңға тәуелді актілер бар. Тиісті жарлықтар, қаулылар. Барлық өзгерістер енгізілген бойда біз қаржыландыруды азайтамы.  Бір жерде біз қаржыландыруды мүлдем алып тастаймыз. Бұл түсінікті, заң бірінші орында. Сондай-ақ қабылдануы тиіс заңға тәуелді актілер бар. Осыдан кейін қаржыландыруға қатысты шешім қабылдаймыз. Әзірге біз біртіндеп қысқартамыз", - деді спикер.

Тілшілер бұл өзгерістер қашан енгізілетінін де сұрады.

 "Көптеген құқықтық актілер бар. Соның ішінде үкімет қаулылары. Мұның барлығы алдағы екі айда жүзеге асырылады", - деп түйіндеді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу