Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын Президент іс басқармасына берді

458

Алматыда президент резиденциясының жаңа ғимаратын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын Президент іс басқармасына берді Фото: stis.ru

Назарбаев Қоры Алматыдағы ғимаратын Президент іс басқармасына сыйға тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

"2023 жылдың мамыр айында Алматыдағы Ганди көшесі 10 мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимараты мемлекет меншігіне өтеусіз өтіп, ПІБ балансына қосылды", - деп жауап берді Президент Іс басқармасы редакцияның сауалына.

Сондай-ақ Алматыдағы президент резиденциясы бұзылғаннан кейін Президент Әкімшілігі өкілдігі мен ПІБ қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшіп үлгергені айтылған. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысқа арналған кеңсесі бар.

"Қазір Алматыда президент резиденциясының жаңа ғимаратын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деп хабарлады ПІБ.

 

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жұмыс кездесулерін Назарбаев Қорының ғимаратында өткізе бастаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу