Бағалы қағаздары (облигация) Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ә.Б. Мұхамеджанов холдинг басқармасының құрамынан шығарылғанын хабарлады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты биржаның ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
"Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады. Оның құрамында Айбазаров Н.С., Айдапкелов Н.С., Хамитов Е.Е., Ғалым У.А., Сон В.В. бар" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, шығарылған бұрынғы басқарма мүшесі Бектас Мұхамеджановтың ұлы болып табылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу