Назарбаев көшесінің тұрғындарына құжат өзгертудің қажеті жоқ

765

Назарбаев көшесінің тұрғындарына құжат өзгертудің қажеті жоқ

Бүгін Алматы қалалық мәслихатының сессиясында Фурманов көшесіне елбасының аты берілетіні туралы шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты әкімдік қала тұрғындарына қиындық тудыратын ешқандай арнайы рәсімдер болмайды. Көше аты базада өзгергеннен соң, барлық керекті анықтамаларды электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-мен немесе ХҚКО-дан бұрынғыша алуға болады, деп хабарлайды zakon.kz. 
"Азаматтарға ешқайда барып, ешнәрсе өзгертудің қажеті жоқ. Адамдар мекен-жай анықтамасын алғанда, бірден жаңа көшенің атауы көрсетіліп тұрады. Тұрғындарға еш алаңдаудың қажеті жоқ, барлық процесс автоматты түрде өтеді", - дейді мемкорпорациядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу