Назарбаев мектебінің әкімшілігі оқушы өлімін растады

6220

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Назарбаев мектебінің әкімшілігі оқушы өлімін растады

Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы өз-өзіне қол салып, қайтыс болды. Бұл ақпаратты білім мекемесінің әкімшілігі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

“2021 жылғы 27 қазанда оқушы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырағанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайтынын хабарлайды”, – деп жазылған мектеп әкімшілігінің inbusiness.kz порталына берген түсініктемесінде. 

Айта кететіні, білім ордасының баспасөз қызметі болған жағдай туралы ашып айтпады. Алайда Алматы қалалық полиция депаотаменті мұның суицид екенін мәлім етті. 

“Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп жазылған полиция таратқан хабарламада. 

Бұл ретте independ.kz порталы суицидке барған бала аталған мектептің 8-сынып оқушысы болғанын, ол мектептің терезесінен секіріп кеткенін жазды. Оқушының мұндай қадамға баруына педагог пен оқушы арасындағы түсініспеушілік себеп болғаны да атап өтілді. Алайда білім мекемесінің әкімшілігі бұл деректерді жоққа шығарып, жағдай оқу ордасынан тыс жерде болғанын хабарлады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу