Назарбаев мектебінің түлектері ауыл мектебінің оқушысына NIS-те білім алу үшін грант тағайындайды

425

Ауқымды шараға 150-ге жуық түлек пен меценаттар қатысады деп жоспарланған. 

Назарбаев мектебінің түлектері ауыл мектебінің оқушысына NIS-те білім алу үшін грант тағайындайды Фото: NIS

2024 жылы 19 шілдеде Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің "Alumni NIS" қауымдастығы "Назарбаев Қоры" жеке қорының қолдауымен жыл сайынғы "Annual III Fundraising Ball: Celebrating Graduates!" ІІІ қайырымдылық балын өткізеді. Ауқымды шараға 150-ге жуық түлек пен меценаттар қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – "Өркен" білім беру грантына үміткерлердің резервтік тізімінде тұрған аз қамтылған отбасыдан шыққан 7-сынып оқушыларына NIS түлектері атынан Зияткерлік мектепте оқуға қажетті қаражатты жинау. Бұған дейін 2023 жылдың тамызында Түркістан облысы Шәуілдір ауылының оқушысына алғашқы грант беріліп, оның толық оқу ақысын жабу үшін екі қайырымдылық бал өткізілді. Қазір Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте оқып жатқан оқушы оқу жылын үздік бітіріп, көпшіліктің сеніміне ие болып отыр.

Қайырымдылық балға Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҚР Парламентінің Сенаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, "Астана" Халықаралық қаржы орталығы, KPMG, Ernst & Young, Deloitte, Binance, Alstom, Dyson, PricewaterhouseCoopers, Kaspi.kz, Beeline және басқа да жетекші отандық және халықаралық ұйымдар мен компанияларда қызмет ететін түлектер, сондай-ақ Ivy League мен QS рейтингіндегі үздік жоғары оқу орындарында оқитын түлектер қатысады.

"Alumni NIS" – 2010 жылдан бастап бүгінге дейін түлектер арасындағы байланысты сақтап отырған қауымдастық. Олар түлектердің кәсіби шыңдалуына жәрдемдесіп, қоғамның дамуына үлес қосуға шақыруда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда 2010 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі түлектер саны 20 856 адамды құрап отыр. Бүгінде олар әлемнің 30-дан астам елінде жоғары білім алуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу