26 қаңтарда жетінші рет президент болып сайланған Александр Лукашенко өзге де елдердің басшысынан құттықтау қабылдап жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Беларусь басшысы мен Қазақстанның бұрынғы президенті жақын арада бетпе-бет кездесуі де мүмкін. Мұны сөйлесу барысында талқылаған.
Еске салайық, Беларусь президенті Лукашенко 87.6% дауыспен жетінші рет тағы да президент болған еді.
– Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтап, ол барша Беларусь халқына өзінің шынайы құттықтауы мен сәлемін жеткізді.
Сондай-ақ, Александр Лукашенко жылы лебізі мен тілегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізін білдірді, – делінген хабарламада.
Александр Лукашенко 1994 жылы 20 шілдеде президент ретінде алғашқы антын қабылдаған. Сондай-ақ, ол әлемдегі ең ұзақ ел басқарған саясаткерлердің ондығына енеді.