Назарбаев пен Мирзяев "байланысты жандандыруды" талқылады

1491

Назарбаев пен Мирзяев "байланысты жандандыруды" талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзяев "екі жақты байланыстарды жандандыру" жайын талқылады деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі. Ресми мәлімет бойынша, Назарбаев пен Мирзяев дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлескенінде энергетика, транспорт және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылаған.

Назарбаев пен Мирзяев Өзбекстан мен Қазақстан делегацияларының түрлі деңгейдегі жұмыс сапарларының қорытындысын, басым бағыттар бойынша маңызды коммерциялық келісімдерді жоғары бағалаған.

Қазақстан президентінің ресми сайтында Назарбаев пен Мирзяевтің сөйлескені туралы ақпарат жоқ.

Мирзяевті сарапшылардың көпшілігі Өзбекстанда 4 желтоқсанға белгіленген мерзімінен бұрын президент сайлауында жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары кандидат деп біледі. Сайлау елдің алғашқы президенті Ислам Каримов қыркүйектің басында инсульттен көз жұмып, Самарқанда жерленген соң бірінші рет өтеді.

azattyq.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу