Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс сапары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысы мен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді, деп жазады Кремльдің сайты.
"Ресей мен қазақ басшылары маңызды екіжақты және халықаралық мәселелерді талқылайды", –делінген хабарламада.
ЕАЭО Кедендік кодексі туралы шартқа қол қойылады деп күтілген Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 26 желтоқсанға жоспарланған.
"ЖЕЭК кездесу кезінде Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеген алғашқы екі жылын қорытындылап, интеграциялық одақты одан әрі дамыту жөнінде бағыттарды айқындайды. ЕАЭО Кедендік кодексіне қол қою саммиттің басты оқиға болмақ", – деп айтылған хабарламада.