Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Путинді Ресей күнімен құттықтады.
"Достық кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына байланысты құттықтаулар алмасып, Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы екіжақты тең диалог негізінде дамып жатқаны атап өтілді.
Тараптар Қазақстан мен Ресей халықтарының өсіп-өркендеуі жолында қалыптасқан достық байланыстардың одан әрі жалғасатынына сенім білдіре отырып, бір-біріне зор денсаулық, бақ-береке тіледі", – делінген баспасөз хабарламасында.