"Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Тұңғыш Президентке қатысты көптеген жалған қауесет мен арандатушылық сыңайдағы жазба таралып жатыр.
Бүгінде біз мұны саяси жағдайды тұрақсыздандыру және мемлекеттің конституциялық негіздерін бұзу әрекеті ретінде қарастырамыз.
Мен осыған дейін мәлімдегендей, Елбасы осы күндері Нұр-Сұлтанда болып, Мемлекет басшысына қолдау көрсетті. Алайда жағдай өте қиын болды. Сондықтан Елбасының өзі Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы лауазымын Президентке беру туралы шешім қабылдады. Өйткені ол тәртіпсіздік пен террорға ел билігі жедел, қатаң және ымырасыз шешім қабылдау керегін жақсы түсінді.
Елбасы мен Мемлекет басшысы әрқашан өз халқын, елін және ұлт болашағын қорғап, "барикаданың бір жағында" болды", - деп жазды Айдос Үкімет