Назарбаев университетіне ешқандай шектеу болмайды – Саясат Нұрбек

2528

Жақын арада Nazarbayev University-дің жаңа президенті тағайындалады. 

Назарбаев университетіне ешқандай шектеу болмайды – Саясат Нұрбек Фото: Vlast.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Назарбаев университетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілші ведомство басшысынан Назарбаев университетінің келешегі туралы сұрады.

"Біріншіден, қазіргі таңда Үкімет, министрлігіміздің тарапынан Назарбаев университетінің әлеуетін сақтап қалу, академиялық автономиялық дербестігін сақтап қалу үшін барлық шара мен әрекет жасалып келе жатыр. Назарбаев университетін қаржыландыру мен академиялық сұрақтары үкімет тарапынан ешқандай шектеу немесе тоқтату болмайды. Екіншіден, қазір (университеттің) жаңа Президентін сайлау және іріктеу процесі жалғасып жатыр", - деді Саясат Нұрбек. 

Бұл ретте Ғылым және жоғары білім министрі бірнеше үміткермен сөйлесіп, сұхбат жүргізгенін айтты.

"Абу-Даби, канадалық, америкалық, британдық университеттердің мықты-мықты бұрынғы басшылары тапсырып отыр. Жақын арада жаңа президент тағайындалады. Өте тәжірибелі маман іздеп отырмыз. Үшіншіден, біздің мақсатымыз – Назарбаев университетінің әлеуетін көтеру. Әсіресе, зерттеушілік бағытта. Бәлкім, бірнеше тиімсіз бағыттар жабылуы мүмкін. Бірақ негізгі қолдау ешқашан үзілмейді. Қазір еліміздегі халықаралық стандарттарға сай тұңғыш және жалғыз толыққанды зерттеуші университетіміз – Nazarbayev University", - деп атап өтті ол.

Министрдің сөзінше, Назарбаев университеті THE – Times Higher Education атақты халықаралық рейтингіне сәйкес, Қазақстан және Азия бойынша жас университеттер арасында бірінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу