Назарбаев университетін бюджеттен қаржыландыру қысқартылмайды

321

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі есебінен жыл сайын орташа есеппен 40-43 млрд теңге бөлінеді.  

Назарбаев университетін бюджеттен қаржыландыру қысқартылмайды Фото: Nazarbayev universitety

Сонымен қатар қазір эндаумент фонд іске қосылды, яғни бұған дейін жиналған ақшаның бәрі қолданысқа берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Назарбаев Университетінің бұрынғы ректоры Шигео Катсу University World News-ке берген сұхбатында қызметтен кетуіне саяси қысым себеп болғанын айтып, университеттің академиялық еркіндігі мен институционалдық автономиясына қауіп төніп тұрғанын хабарлады. ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетімен байланысты дау-дамайға қатысты пікір білдіріп, бұрынғы ректордың сөзін жоқша шығарды.

"Назарбаев университеті кеңесінің мүшесі ретінде айтарым, автономияға қатысты ешқандай өзгеріс болмайды. Назарбаев мектептері мен университеті туралы заң өз күшінен арылған жоқ, ол университетке толыққанды автономия сыйлайды, тіпті, біз осы тәжірибені үлгі тұтып, қазір барлық университеттерді тәуелсіз жұмыс істеуге итермелеп отырмыз", — деді министр.

Екінші, қаржылық мәселеге келер болсақ, министрдің айтуынша, қаржыландыру тоқтатылған жоқ, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі есебінен жыл сайын орташа есеппен 40-43 млрд теңге бөлінеді. Одан бөлек қазір эндаумент фонд іске қосылды, яғни бұған дейін жиналған ақшаның бәрі қолданысқа берілді. 

Жақын арада университеттің жаңа президенті тағайындалады, іректеу бір жылға созылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу