Назарбаев Университетінде студент қайтыс болды

185

Университеттің мәліметінше, оқиғаға байланысты құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Назарбаев Университетінде студент қайтыс болды Фото: ASIMETRIK

Назарбаев Университеті жатақханалардың бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты студенттің қазасы жөнінде ресми мәлімдеме таратты.

– Университет ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қазір отбасына моральдық және материалдық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген оқу орнының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен психологтер жұмылдырылған.

– Барлық қажетті шаралар қолға алынды. Университет әкімшілігі жағдайды жіті бақылауға алды, – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ университет пен марқұмның туыстары расталмаған ақпарат таратпауға шақырады. Жақындары бұл ауыр жағдайдың әлеуметтік желілер мен мессенджерлік топтарда жария болмауын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу