Назарбаев университетінде "Zа наших" деген плакат ілінген – Асхат Аймағамбетов пікір білдірді

1405

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Назарбаев университетінде болған жағдайға түсініктеме берді. Онда IT департаментінің қызметкері кабинетінің есігіне "zа наших" деген плакат іліп қойған еді.

Назарбаев университетінде "Zа наших" деген плакат ілінген – Асхат Аймағамбетов пікір білдірді

Министрдің сөзіне қарағанда, Назарбаев университетінің дербес мәртебесі, жеке заңы бар және Білім және ғылым министрлігіне есеп бермейді. Білім беру қызметкерлерінің Әдеп кодексі бұл ЖОО қызметкерлеріне қолданылмайды.

"Бұл істі мен әлі естіген жоқпын, білмеймін. Мұның бәрі мұғалімдердің, білім беру ұйымдары педагогтарының Әдеп кодексінде жазылған. Оған сәйкес, оларға ата-ана, оқушы және әріптестерімен қарым-қатынас кезінде өз ұстанымын, оның ішінде саяси ұстанымын таңуына жол берілмейді. Сабақты да тек оқу бағдарламасы аясында өткізуге тиіс. Заңнаманы бұзатын кейбір нәрселерді насихаттауына болмайды. Бірақ бұл кодекс біздің мектептерге қолданылады, Назарбаев университетіне қолданылмайды", – деді Аймағамбетов. 

Университеттің және Назарбаев атындағы мектептердің дербес мәртебесін қайта қарау туралы мәселе БҒМ-нің күн тәртібінде тұрған жоқ, бірақ егер басқарма осындай шешім шығарса, оларды қаржыландыру қысқартылуы мүмкін.

"Менің ойымша, жай ғана бір сәттік тенденцияларға назар аударып, 20 мектепті жауып тастаған жөн болмайды. Бұл мектептер жұмыс істеуі керек, ал ішкі жағдайы мен жұмыс механизмі – мектептің өзі, басқарушы комитеттері қарайтын мәселе", – деді ведомство басшысы.

Еске саламыз, бұған дейін Бас прокуратура "әлеуметтік желіде кейбір азаматтар, соның ішінде Қазақстан азаматтары болып жатқан оқиғаларға жария түрде пікір білдіре отырып, онда біздің еліміздің аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулерді орналастырып жатыр" деп мәлімдеген болатын. 

"Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қасақана құқыққа қайшы қатысуы, сол сияқты ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып табылатынын (ҚК-нің 172, 174, 180-баптары) және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратынын түсіндіреміз", – деген үндеу жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу