Назарбаев университетінің басшылығы ауысты

413

NU-дың Атқарушы Вице-президенті болып Сәрінжіпов Аслан тағайындалды.

Назарбаев университетінің басшылығы ауысты Фото: Nazarbaev University

4 желтоқсанда Назарбаев Университетінің (NU) Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) шешімімен NU-дың Атқарушы Вице-президенті болып Сәрінжіпов Аслан тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, ҚК шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалды:

Біләлов Дархан, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын "Абай атындағы ҚазҰПУ" КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық ғылым академиясының" вице-президенті қызметтерін атқарған.

Шоланов Ерлан, МВА магистрі. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры, Kozybayev University Басқарма төрағасы – Ректоры, "Нархоз университеті" КЕАҚ провосты лауазымдарын атқарған.

Уәлиева Әсел, DBA докторы. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, NU-дың жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу, әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығымен сапалы интеграция және білім беру жүйесін дамыту мен ғылыми әлеуетті арттыруда қазақстандық университеттермен тығыз синергия мәселелері болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу