Президенттің міндетін провост Илесанми Адесида уақытша атқарады.
Назарбаев Университеті 13 жылға жуық университет президенті қызметін атқарған Шигео Катсудың отставкаға кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отставкаға кету туралы бастаманы Шигео Катсудың өзі көтерген, алайда ол университеттің, Ұлттық инновациялық жүйенің және Назарбаев қорының қамқоршылық кеңестерінің мүшесі болып қала береді.
Сонымен қатар, Катсу Назарбаев Университеті президентінің міндетін атқарушының кеңесшісі ретінде жаңа жұмысқа кіріседі.
Айта кетейік, Шигео Катсу - ҚР Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Ректоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия өңірлері бойынша вице-президенті болып қызмет еткен.