Назарбаев зияткерлік мектебіне енді ауыл квотасымен түсуге болады

765

"Өркен" гранттарының 10 пайызы ауыл оқушыларына беріледі.  

Назарбаев зияткерлік мектебіне енді ауыл квотасымен түсуге болады Фото: ult.kz

Дарынды балалардың Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алуына жағдай жасау үшін "Өркен" гранттар санынан 10% квота ауыл мектептерінде білім алатын үміткерлерге тағайындалады. Мұндай өзгеріс "Өркен" білім беру грантының қағидаларына енгізілмек, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасында жазылған.

Оқу-ағарту министрлігінің түсіндіруінше, бұл өзгеріс Назарбаев зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға грант тағайындау бойынша ата-аналар қауымдастығынан түскен өтініштерді орындау мақсатында енгізілген.

Өзгертулер бойынша әр жылға бөлінетін грант санын жариялау мерзімі де енді нақты болады. Жобаға сәйкес, тізім әр жылдың ақпан айынан кешіктірілмей жарияланады.  Сондай-ақ, енді "Өркен" грантының емтиханын тапсырған үміткерлер мен олардың ата-аналары конкурс қорытындысын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ресми интернет-ресурсы арқылы білетін болады. Мұнда үміткердің жинаған балл саны және грант алғаны не алмағаны, болмаса резервке өткені туралы ақпарат жазылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу