"Назарбаев зияткерлік мектептері" мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша өз нұсқасын айтты

229

2024 жылдың бірінші жартысында Жоғары аудиторлық палата "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" қызметіне мемлекеттік аудит жүргізді. 

"Назарбаев зияткерлік мектептері" мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша өз нұсқасын айтты Фото: Коллаж Ulysmedia

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" мемлекеттік аудит қорытындысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

НЗМ Жоғары аудиторлық палата мүшелері қол жеткізген оң нәтижелерді атап өткен.

"Тексеріс нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, ұрлау немесе мүлік жетіспеушілігі фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік аудит ДББҰ қызметінде анықтаған кемшіліктердің басым бөлігі рәсімдік сипатта және қаржы-шаруашылық пен ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысты болып, мектептердегі оқу процесіне әсер етпейтіні атап өтілді. Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата анықталған кемшіліктерді пысықтауды және жоюды тапсырды. Осыған байланысты НЗМ ДББҰ мемлекеттік аудиттің ұсыныстарын ескере отырып, жұмысты жақсартуға бағытталған кешенді шараларды іске асыру жоспарын әзірлеуде және алдағы уақытта рәсімдік қателіктерді барынша азайту шараларын қабылдауда", - делінген хабарламада.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" Жоғары аудиторлық палата ақпаратында көрсетілген бірқатар тармақ бойынша түсініктеме берді.

"Бірінші. Қаржылық бұзушылық ретінде көрсетілген 274,4 миллион теңге көлеміндегі қалпына келтірілуге тиісті сома бухгалтерлік есептегі қателіктерге қатысты және аудит барысында түзетілді.

Екінші. НЗМ әзірлеген оқулықтарды жалпы білім беретін мектептерге енгізуге қатысты оқулықтарды шығару бойынша жұмыс 2016 жылы басталғанын атап өткен жөн. Оқулықтарды әзірлеуге авторлар ретінде Қазақстан Республикасының жоғары білікті және үлкен педагогикалық тәжірибесі бар үздік тәжірибелі мұғалімдері тартылады, олардың интеллектуалды еңбектерінің нәтижелері шығарылған оқулықтарда баяндалып, бірнеше жыл бойы еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері, оқушылары және олардың ата-аналары тарапынан оң пікірлер алуда. Сонымен қатар оқулықтарды сараптау және орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар тізімін қалыптастыру бейінді министрліктің құзыретіне жатады. Маңыздысы, НЗМ ДББҰ оқулықтарды әзірлеуде республикалық бюджет қаражатын пайдаланбай, өз қаражаты есебінен жүзеге асырды.

Үшінші. Мемлекеттік аудиторлар 16,4 млрд теңгені, оның ішінде тиімсіз жоспарлаудың салдарынан пайда болған 8,3 млрд теңгені игерілмеген қаражат деп таныды. Бұл сома пандемия кезінде еліміздің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының, олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың және басқа да іс-шаралардың, сондай-ақ оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерінің онлайн форматқа ауысуына байланысты үнемделді. Сондай-ақ барлық бағыт бойынша бастапқы жоспарланған нәтижелер толық іске асырылғанын атап өткен жөн. Мысалы, НЗМ ДББҰ пандемия кезінде жалпы білім беретін мектептердің 78 мыңнан аса педагогіне біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Төртінші. Аудиторлық қорытындыда 10,5 млдр теңге көлеміндегі сатып алуларға қатысты бұзушылықтар рәсімдік сипатта болып, сатып алулар нәтижесіне әсер етпеді. Мысалы, аталған соманың басым бөлігі конкурстағы жағдаймен байланысты, онда әлеуетті жеткізуші нотариустың тіркеу нөмірінсіз нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсынған. Алайда, нотариустың тіркеу нөмірі бірыңғай электронды базада тіркелген және құжаттың шынайылығы расталды", - делінген НЗМ берген түсіндірмеде.

Бұдан бөлек аудиттың тауарлардың жоғары құны бойынша сатыр алу туралы қорытындылары жеткізу, монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары, бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату сияқты шығындарды, сондай-ақ жеткізушілердің басқа да шығындарын ескермейтіні де жазылған.

"Конкурстық рәсімдер НЗМ ДББҰ тарапынан орталықтандырылған түрде өткізіледі, нәтижесінде тауарлар 17 аймақ және 3 қаладағы 21 мектепке жөнелтіледі. Тауарлардың құны өндірушілер мен олардың дистрибьюторларының коммерциялық ұсыныстарына негізделіп жоспарланады. Соңғы баға сатып алу ережелеріне сәйкес кемінде екі жеткізуші қатысатын ақпараттық порталда өткізілетін ашық тендерлердің нәтижелері бойынша анықталады.

Алтыншы. Банк шоттарындағы қалдықтар ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмектерден, сондай-ақ шығындарды үнемдеуден жиналады. Бұл теңгерімдерді Қамқоршылық кеңес Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджетін бекіту кезінде ескереді.

Жетінші. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады", - делінген ресми түсініктемеде.

Айта кету керек, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/last/bes-zhylda-nazarbaev-ziyatkerlik-mektepterine-250-mlrd-tenge-bolingen Назарбаев зияткерлік мектептерінің қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу