Оқу-ағарту министрі Назарбаев зияткерлік мектептерінде дарынды балалардың оқу ақысын төлеуге арналған ҚР Президентінің "Өркен" білім грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерін өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ереженің жаңа редакциясында бір оқушыға бюджеттен бөлінетін гранттың мөлшері өзгертілген.
Сонымен гранты құнын мынандай мөлшерде белгіленіп отыр:
- жатақханада тұру құнын есептемегендегі жылдық оқу құны — 2 190 080 теңге;
- жатақханада тұру құнын есептегендегі жылдық оқу құны — 3 053 940 теңге.
Былтыр Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бөлінетін қаражат азайғанын мәлімдеген болатын.
Ведомоство бұйрығы 2025 жылғы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу