Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ЮНЕСКО сыйақысы табысталды

1784

NIS білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды.   

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ЮНЕСКО сыйақысы табысталды

Қытайдағы Цзинанда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО Wenhui Award сыйақысы табысталды. Бұл Зияткерлік мектептердің үлкен әрі кәсіби ұжымы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттық білім беру жүйесі үшін де маңызды оқиға. NIS білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды.

Дипломмен мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған  20 мың доллар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидиноваға тапсырылды.  

Wenhui Award "Білім беру – 2030" күн тәртібін ілгерілету үшін университет пен мектеп арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. 2019 жылдың финалдық кезеңінде Аустралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланканың үздік университеттері болған.

ЮНЕСКО-ның сыйлығы сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпал ететін жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы сәтті серіктестік үшін – балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және дүниежүзілік жаһандық азаматтыққа дайындаған қазақстанның инновациялық мектептеріне берілді.

Беделді марапатқа ие болу туралы қазан айында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ "Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар" XI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарияланды. Құттықтау хатында Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу