Ауыс-түйіс туралы басқарма төрағаның өзі Әнуар Жанғозин Facebook-тағы парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне және білім саласындағы ұстазым Күляш Ноғатайқызы Шәмшидиноваға осындай үлкен сенім білдірген үшін шынайы алғыс айтамын. Әдеттегідей, атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен және басқа да маңызды ақпаратпен өз парақшамда үнемі хабарлап отыруға тырысамын", – деп жазды Әнуар Жанғозин.