Назарбаева Қордайда қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

978

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды.  

Назарбаева Қордайда қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

Дариға Назарбаева Қордайдағы оқиға кезінде қайтыс болған жандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Сенатты ңбаспасөз қызметі.

Дариға Назарбаева Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы орын алған оқиғадан қайтыс болған және зардап шеккен жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез сауығып кетуіне тілекшімін. Қазақстан халқы үшін бейбітшілік пен келісім – басты құндылық. Біз бүгін қаза болған жандарды қайғыра еске ала отырып, қоғам үшін бейбітшілік пен келісімнен маңызды ештеңе жоғын ерекше түсінеміз. Осы құндылықтарды өз өміріміздей сақтау әрқайсысымыздың міндетіміз. Арандатушылар мен тонаушылар – адамдардың қаны мен қайғысына өмір сүретін қылмыскерлер. Қордай ауданында үкіметтік комиссиямен бірге ҚР Парламенті Сенатының депутаттар тобы жұмыс істеуде", – деді Д. Назарбаева.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу