Қазақстан Республикасы парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Кеңестің кезекті отырысы 15 қарашада СІМ-де өтті. Дариға Назарбаева осы лауазымда парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырып, оған кеңесті басқара отырып атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, биыл 25-жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Дариға Назарбаеваға тиісті мерейтойлық медаль табыс етілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу