Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан өзіне қысым жасалуы мүмкін екендігін мәлімдеді

1652

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан баспасөзге берген сұқбатынан соң өзіне бейтаныс біреулерден қысым көрсетіліп жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан өзіне қысым жасалуы мүмкін екендігін мәлімдеді Фото: Узнай все

Ол сұқбат барысында Қазақстанның тұңғыш президентінің інісі Болат Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтқан еді. Осы сұқбаттан соң Динара Әлжанның соңына белгісіз біреулер түсіп, көлікпен қуалаған.

"Мен кеше түнде үйге әзер жеттім. Белгісіз біреулер соңыма түсіп алып, көлікпен қуды. Барлық видео менің қолымда. Егер маған біреулер қысым көрсетер болса бірден әлеуметтік желіге таратамын. Мен жетім қыз емеспін, сұрауым бар", деп мәлімдеді ол өзінің парақшасында.

Айтуынша, кейбір ата-аналар қыздарын қамқорлыққа алу үшін Болат Назарбаевтың кабинетіне әкелген. Сондай-ақ, ол Қайрат Нұртастың бір кездері казинода 400 мың доллар жоғалтқаны, оған Болат Назарбаевтың көмектескені жайлы, әнші Кенталмен достығы нашақорлыққа тәуелді еткені туралы ашық айтып берген болатын. 

Сонымен бірге Болат Назарбаев Динарамен алғаш танысқан күні 70 соттық үй, 1 млн АҚШ долларын сыйға тартқан. Алайда, 2 жыл бірге тұрып, ажырасқан соң дүние-мүлкін қайтарып алған. 

@videogram_kaz #динараалжан #кентал #кайратнуртас ♬ оригинальный звук - ????????????????????????
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу