Назарбаевтың кейінге қалдырылған Әзербайжанға сапары 2017 жылдың алғашқы жартысында болады – дереккөз

943

Назарбаевтың кейінге қалдырылған Әзербайжанға сапары 2017 жылдың алғашқы жартысында болады – дереккөз

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанға ресми сапармен 2017 жылдың алғашқы жартысында барады, деп хабарлады "Интерфакс-Азербайджан" агенттігіне дипломатиялық дереккөз.

"Назарбаевтың Әзербайжанға сапары 2017 жылдың алғашқы жартысына жоспарланған. Сапардың нақты мерзімі мен күн тәртібі туралы айтуға әлі ертерек", – деп атап өтті дереккөз.
Бұған дейін айтылғандай, Н.Назарбаевтың 2016  жылғы 12 қазанда  Әзербайжанға сапары Қазақстан басшысының суық тиіп сырқаттанып қалуына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу