"ҚР Үкіметінің қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", деп inbusiness.kz Үкімет басшысы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастады.
2001-2005 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
2005-2018 жылдары "Мемлекеттік аннуитеттік компания өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ басшы қызметтерін атқарды.
2018-2020 жылдары – инспектор, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің инспекторы – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі.