Әйелдерге арналған вагон қызметін 822 мыңнан астам жолаушы пайдаланған

155

Бұл – ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы арнайы вагондар іске қосылғаннан бергі көрсеткіш.  

Әйелдерге арналған вагон қызметін 822 мыңнан астам жолаушы пайдаланған Фото: t.me/railways_kz

Аталған дерек аталған сервистің өзектілігін және теміржол көлігін қолайлы қатынас құралы ретінде таңдайтын әйелдер арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі іске қосылғаннан бері оны 822 мыңнан астам әйел жолаушы пайдаланған.

Қазіргі уақытта әйелдер вагондары төмендегі 12 бағытта қатынайды:

  1.  №77/78 "Алматы – Маңғыстау",
  2.  №351/352 "Алматы – Маңғыстау",
  3.  №45/46 "Павлодар – Түркістан",
  4.  №37/38 "Маңғыстау – Семей",
  5.  №47/48 "Атырау – Астана",
  6.  №33/34 "Ақтөбе – Алматы",
  7.  №4/3 "Астана – Алматы",
  8.  №71/72 "Астана – Шымкент",
  9.  №354/353 "Астана – Семей",
  10.  №24/23 "Ақтөбе – Алматы",
  11.  №25/26 "Алматы – Шымкент",
  12.  №614/613 "Орал – Маңғыстау".

"Аталған вагондарға билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Сонымен қатар, бұл вагондарда әйел жолсеріктер ғана қызмет көрсетеді. Әйел жолаушылармен бірге жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі", – делінген ҚТЖ таратқан хабарламада.

Әйелдер вагонына билет вокзал кассаларында немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде рәсімделеді. Онлайн сатып алу кезінде билетте көрсетілген "ЖН" белгісіне назар аудару қажет – бұл таңдалған орынның әйелдер вагонында екенін білдіреді.

Билеттерді сату пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады, бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу