Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтың жеке өмірі туралы кітап шығарады

989

Кітап күзде жарыққа шығады.  

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтың жеке өмірі туралы кітап шығарады Фото: inbusiness.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман кітап жазып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұрынғы күйеуімнің көңілдестері бұл рилс сіздерге арналады. Сіздер менің кітабыма өз есімдеріңізбен ендіңіздер. Күзде тұсаукесері болады. Мен сіздерге жазып, шаштарыңыздан жұлған жоқпын. Алайда бұл менің сіздер туралы білмеймін деген сөз емес. Себебі бұл мәселені бұрынғы күйеуіммен ғана шештім. Үйленген еркекке көңілдес болатындар өз таңдауын жасайды. Ал мұның соңы біреудің кітабына кейіпкер болуға әкелуі мүмкін", – деді Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айтуынша, бұл мәселе туралы адвокаттарымен сөйлескен. 

"Олардың есімдерін өзгертпедім. Тек фамилияларын алып тастадым", – делінген жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу