Назым Қызайбай әлем чемпионатында жеңіліп қалды

512

Қазақ боксшысы Назым Қызайбай әлем чемпионатында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Назым Қызайбай әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Қазақстан сапынан 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай шаршы алаңға шықты. Колумбия спортшысы Ингрит Лорена Валенсиямен кездесті. Алайда кездесу 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың қарсыласының еншісіне шешілді. 

Айта кетерлігі, бұл күндері Стамбұлда әйелдер боксынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған бәсеке 20 мамырға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу